Posted in

СӨЗ ШЫҒЫНДАМАДЫ

Босқа сөйлеген жоқ; айттың не, айтпадың не дегендей тіс жарған жоқ. ~ Тірі Тілеудің сөз шығындамаса да, оқта- текте бір мырс етіп осқырынып қоятыны болушы еді. Мына төмпекте о да жоқ. Ең болмаса бір топырағы бүлк етпейді. Ә.Кек. ~ Салтанат өзінен көп кіші қызға ала көзімен ата қарады. Тіл қатып‚ сөз шығындамады. Қ.Түм. ~ «Қап, мынаның ызасын- ай, ә?! Мыналарға ақыл айтып, сөз шығындап отырған мен де ақымақ екенмін, – деп ойлады Демежан зығырданы қайнап. Қ.Жұм. ~ Бірақ, болар тойдың тамашасына елтіп, қызығы тамсандырған бойжеткендер бұндайда ауыл-үйдің телі- тентектеріне текке мінез көрсетіп, босқа сөз шығындамайды. Ү.Жәл. ~ Онсыз да көп емеспіз ғой. Шүкір‚ бұрынғыдай емес‚ қалада қазақ баласы көбейіп қалыпты. Солар көбейе түсу үшін әр үйдің іші балаға толмай бола ма? Айтып сөз шығындамай- ақ қояйын. Қ.Түм. ~ Жарқын күрсінді: «Қыртты езген жеңеді, езгенді құдайдан безген жеңеді» деуші еді, сол рас шығар. Енді бұған бірдеңе айтып, сөз шығындаудың қажеті жоқ сияқты. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *