Posted in

СӨЗ ҚАЙЫРҒАН ЖОҚ

Айтылған уәжге қарсы ештеңе демеді, үнсіз қабыл алды. ~ Жаңа шегені қаға бастағанда, ат шапшып, айнала берді. Бай бар ынтасын салып, еңкейіп, сығалап: – Шынтағын соқтырма!.. Турасына кетпесін: шалқайта қақ!- деп, жігіттеріне қадағалады. Байға кім сөз қайырсын, бірі аттың қолтығын, бірі мойнын сипап: «Құр, жануарым, құр!» деп, атқа еңсесін салысты. Ж.Айм. ~ Иманның «оба» деген сөзіне жанындағылардың екеуі де тіксіне қалып, екеуі де жарыса жалт қарасты. Бірақ оның өзін сыйлағандықтан иба сақтап сөзіне сөз қайырған жоқ. Ә.Әб. ~ Құсайын Тәуке сөзінің жауабына сөз қайырған жоқ. «Қош, батыр!» деп те айтпады. Арбаны айдап жолға түсті. І.Жанс. ~ Ілбітіп аулына жеткізіп алсын, — деді күйеуіне батылдау сөйлеп. Жездеміз аз сөйлейтін зілді кісі еді, сөз қайырған жоқ. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *