Сөз өнерінің соңына түсті. ~ Түсінікті! – деді тілші. – Сені жалықтырып қойдым ба, балам? Ақын- жазушылар мен тарихшылардың қызба ауыруы болады. Олар ылғи сөз қуады ғой. Т.Рыс. ~ Қойшы, әйтеуір, не бастарыңды ауыртайын, мен құсаған кәрі-құртаңдардың көне түсінігінше – Құдай, ал, қағаз, сөз қуған сендер, әлгі не деуші едіңдер, ие, өмір, тағдыр атанған Құдайларың онсыз да бір-бірін баса алмай жүрген екі көкіректі, өстіп, егестіре, тақастыра түсіпті. Ж.Нәж. ~ Ол маған омыртқасына оқтау жүгірткендей оқшырая қарап тұрды да: – Өй, сенде бір… менің жазушы ағам сияқты сөз қуалап қалған пәле екенсің ғой, – дегені. Д.Қуат. Жел сөзге мән берді, құлақ тосты. ~ Құлдырап бағым қашқанда, Қуанған тобыр сөз қуған. Р.Ниязб.
