Posted in

ТАБАЛДЫРЫҒЫН ТОЗДЫРДЫ

Біреуге не бір мекемеге қайта-қайта бас сұғып, мезі қылды. * Қазіргі жылы кездің әр күнін пайдаланып, іс тындырудың орнына өзімнің мазам кетіп, өзгелерді қоса мазалап, кеңсе – кеңсенің табалдырығын тоздырып, уақытымды текке өлтіріп, сандалумен жүргенмін. Б.Соқп. * — Ғалия мен Гүлбаршын бой жетті. Кәзір қолыңда болғанмен жат жұрттық екенін білесің. Қыз айттырушылардың алды табалдырығыңды тоздыра бастады. О.Көш. * — Ә, онда баспаға қолыңды бір сілте де, кел, машинаға мін. Баспа ешқайда қашпайды. Ғұмыр бойы осының табалдырығын тоздырып өтесің, ертең де үлгересің. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *