Өмір зардабын көрді; мойнына ауыртпалық түсті. * Тікен кіріп, тас батты табанына, Тербетілді нөсер мен дауылында. З.Шілд. ~ Әлде Кенжекейдің: «Алты аяқты ала атың, қулық бие құлыны, табанына тас батса, маңдайынан күн өтсе, алты күнге жарамас», – деп төмен баға бергендігінен бе екен. Ж.Қақ. ~ Сөйтіп, осы үйде бес жан тұрып жатты, бірінің табанына тас батса – бәрі ақсады, бірі ауырса – бәрі сарнады, бір жұлдыздың бес тармағы секілді сәуле де бәріне бірдей, тең тарады, бес бұтақты бәйтерек еді, кенет негізгі түпкі тамырды дерт жайлады, біреуді тексерем деп өз күнәсінің үстінен шықты. Ж.Нәж.
