Тұтастай, бақандай, аттай д.м. ~ Бұл жолғасуды ол аңсап күткелі міне енді есептеп көрсе, табаны күректей отыз жыл болған екен. Ғ.Біл. ~ Елтайдан табаны күректей он жас үлкен болса да, әлі бала. М.Қаб. * Әр қыстауға бір соғып жиналыс ашып, жаңа өкіметтің саясатын түсіндіремін деп табаны күректей он күн жатты. Б.Тоғ. * Осы күймен, осы жосықпен айлар, жылдар өте берген. Сонымен, Жаманбай, Айшуақтың есігінде табаны күректей он жылды өт көріп, жиырманың бел ортасынан асып та кеткен. С.Ом. * Бұл жолғасуды ол аңсап күткелі міне енді есептеп көрсе, табаны күректей отыз жыл болған екен. Ғ.Біл. * Адамша бел шешіп жатпағанымызға, адамша беті – қол жумағанымызға табаны күректей бір жеті. Б.Соқ.
