Тұқыртты, өктемдік қылды, тізесін батырды, құлдыққа салды. ~ Бұзық болу былай тұрсын, елдегі жетім-жесір, кем-кетіктің жайын айтып тақылдаған сол емес пе? "Малай-батырақ – күш сендерде, сендер біріксеңдер, әрі қоссаңдар, байларды табанға салу оңай!" демеп пе еді?! Б.Майл. ~ Табанға салды. Талауға түсірді. Тазы қуған түлкі етті. Күлкі етті. Қаратауға Сүйеніп жылап ем – Қайғымнан! – Қаратау шөгіп кетті. Алтай тауға Сүйеніп жылап ем – Қасіретімнен! – Алтай таудың мұңзары Кеудесін керіп кетті. Т.Мед.
