Posted in

ТАБАН АҚЫ, МАҢДАЙ ТЕРІМЕН КЕЛДІ (ЖАСАЛДЫ, КҮНЕЛТТІ, ТАПТЫ, ҚҰРАЛДЫ)

Адал еңбекпен келген табысы, ауыр бейнеттің зейнеті. ~ – Адам баласы…. табан еті, маңдай терімен күнелткен таза жолдан шыға жайылды. Еңбексіз мал тапқысы келеді. Бұрынғылар өз табан ет, маңдай теріне жалынған… А.Байт. ~ Мәдениеттің, ғылымның, тәжірибенің қай саласын алсаңыз да сансыз адамның «табан ақы, маңдай терімен жасалғалы» мәлім. С.Мұқ. ~ Біреудің малын біреу тартып алып жатқан жоқ, біреудің жеке меншігіне қол сұғушылар да көрінбейді, бар байлық табан ақы, маңдай термен келді емес пе? Б.Тоғ. ~ Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді- енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Б.Мом. ~ Дәм татып, отымыздың басын көріп, дидарыңды көрсеткеніңе рахмет. Табан ақы, маңдай терімен Төре ауылының сарқытынан құралып өсіп-өнген малымыз мына далада жайылып жатқан. С.Бег. ~ Кім өзінің табан ақы, маңдай терімен тапқан малын, астығын құр-бекер бере салады?! Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *