Дұрыс сөз, жаны бар пікір, жөні дұрыс ой, орайлы қадам. ~ Әбді (жайраңдап). Әй, осынын тапқан ақыл-ау. (Қа-қа-қалап.) Мен бар ғой – өздеріне сөйлетуді қойдым: біреуі сөйлей бастасам, «Жасасын», – деп алақанымды ұрамын келіп… Б.Майл. ~ Қалабай. Мынау бір табылған ақыл болды- ау. Әрі музыка, әрі поэзия! Мұндай тойды біздің ғасыр бұрын көрмеген болар. Ал, бастадық. Ә.Тәж. * Онысы несі? Мұздай су ғой. Табылған ақыл! Бұдан тәуірді ойлап та таппайсың. Осылай деседі де әлгілердің бәрі терезесін сарт жауып алады. Э.Хэм. * — Міне мұныңыз табылған ақыл, – деп іліп әкетті анау, бейне дәл осындай жауап күткендей, – тек бірдеңе болып қалса, Мәскеудегі сізге мұннан телеграф соғып мазалап жүрмесе болды ғой. Ф. Дост. ~ Жүрген дыбысы ешқашан білінбейтіндіктен, оны жұрт «Майтабан» дейтін. — Бұларың табылған ақыл. Үлкен кісінің алдынан өтіңдер, — деді Әлима апа. — Оған дейін мен баланың киім-кешегі мен жол азығын дайындай берейін. Сөйтіп, достар жол қамына кірісіп кетті. М.Қан. ~ Біз күзде матрац жасаймыз деп сабан тасығанымызда, екі матрацтың қабына жарты арба сабан сыйып кеткен. Бұл тіпті табылған ақыл болды. С.Мұр.
