Жақсы кезім артта қалды д.м. ~ – Сіз сондай жұмбақты, қызық адамсыз, – деді мұғалім қыз. – Балаңыз зерек. Сонан соң суретті де жақсы салады. Сіз үйреткенсіз– ау… – Қойшы не дерін білмей, сасқалақтап қалды. Бар айтқаны: – Таздан тарақ қалғалы қашан. Сурет біздің не теңіміз, – деді де, шанасына отырды. О.Бөк. ~ Таздан тарақ қалғалы қашан!.. Тыраштаныпақ болдың-ау, — деп уәжден жығылып қалған шалын қағытқан болып келіншек ара түсті. Үлкен ұлына орамал мен шылапшын ұстатып жатып Бескемпірге менсінбей биіктен қарап еді. Қ.Ысқ. ~ Ауырып тұрсыз-ау, – дедім. Серуенге шығып жүрмісіз? – Таздан тарақ қалғалы қашан!.. Төрт қабырғаға қамалып қалдым. Жүрек, шіркін сыр беріп жатыр. Бес инфарктты көтерген бұған рахметтен басқа не айтамыз?! Р.Сей.
