Белгілі, айдан айқын, күмәнсіз д.м. ~ Қайда, нелер істеліп жатқаның сол өндірістің бас инженері Хищук жолдас, тайға таңба басқандай ап-айқын ғып алақаныңа қондырып береді. С.Мұқ. * Сәлім етігінің сыртынан киген қалың киізден тігілген шұлығын шешкенде саптамасының өкшесі шойқиған жыртық тесігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ә.Шәр. * Төкті ғой сөз гауһарын, жыр жауһарын, Сүрінбес су жорғадай тіл мен жағым», – деп Ақанның кім екенін тайға таңба басқандай айқын келтіріпті. К.Сал. ~ – Қайдағы уариант, сен де көкиді екенсің. Бос сөздің қажеті жоқ. Ұрлаған басқа емес, Хасен маскүнем екені тайға таңба басқандай. Оған арақ керек, ал арақ ішу үшін ақша қажет. С.Им. ~ Тайға таңба басқандай көкірегімізде сайрап тұрған ойды да бүкпесіз, ашық әрі қарапайым тілмен жеріне жеткізе айта алмаймыз. Қ.Жиен.
