Posted in

ТАЙ ТҰЯҚ

1.Үлкендігі тайдың тұяғындай кесек алтын, күміс. ~ Толғамбай ақын Сүлейменнің туған- туыстарына көңіл айтып, тоқтатып, су құйып, беті-қолдарын жуып, дастархан жайып, Құран оқиды. Дастарханға бір тай тұяқ тастайды Маманның алдына әкеліп. (Zharar.kz.) ~ Бөкеннің даулайтыны кісі құны, Икемге ап Сұлтан отыр енді мұны. Дәрігердің қалтасына тай – тұяқ сап, Аузын тығындады,— шықпас үні. Кенен. ~ Қозыдай қауын, қарбыз көгендегі, Тай тұяқ алма күміс төбеңдегі, Қол жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тонын шегелдегі. І.Жанс. ~ Тұлпардың аунағаны туған жерің, Биеден туа бермес сендей құлын. Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ, Бір жолда әперіп ең ердің құнын. Ақан сері. ~ Жабырқап жаным сағынды, Шалқысын шабыт-дариям. Сымбатың сыбдыр қағатын, Бозбалақ бала қайыңдай. Келбетің көпке жағатын, Тай тұяқ туған айымдай. М.Раш. 2. Ат тұяғынан жасалатын қазақ халқының музыкалық аспабы. ~ Тай-тұяқтың 3 түрі дүкенімізде сатылады. Тай-тұяқ аспабы оркестр және ансамбльдерде аттың шабысын келтіретін ырғақты аспап ретінде қолданылады. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *