Ойнап-күліп, қатар өскен тетелес балалар туралы. ~"Е…е… бәсе, бала кезімнен тай-құлындай тебісіп өскен Қанатты көргенде, бір жасап қалмадым ба? Әрі ол мені атажұртқа алып кетпекші болып, дәмелендіріп тастады емес пе? Қуанышта ішкен шарапқа не жетсін! Қасіретті де, ащыны да жеңетін көңіл екен-ау! Т.Рыск. ~ Апамның ойы осындай болғанын мен кейін түсіндім. Төрт жасымнан бірге өскен, тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарды қиып кету қандай қиын болса да, қырық жетінші жылдың жазында Іле бойына – Бақанасқа жол жүруіме тура келді… Б.Тоғ. ~ Тай құлындай тебіскен жора-жолдастарымның ақымақ әрі күлкілі істері уайымсыз да, бейкүнә балалық шағымды есіме түсіртеді. Н.Бөл.
