Posted in

ТАЛАҒЫ ТАРС (ТӘРС) АЙРЫЛДЫ (ЖАРЫЛДЫ)

Оқыс ашуланып, зәрін төкті; бұлан-талан болды. ~ Күніне қырық қайталанса да ондайға қыңқ демейтін тәлімгері – Елена Борисовнаның сол жерде талағы тарс айрылғаны… Т.Сәу. ~ Оттамай отыр! – Дәуітбайдың талағы тарс айрылды. – Атаңның басына мәз боласың ба? Сол Бәйтен ертең үкімет болса, бірінші сен құрисың. Т.Әбд. * Кейбіреудің тарс айрылып талағы. Ә дегенше күйіп-пісіп қалады. Басқа түгіл, Ғашықтардың өзі де. Анда-санда… Бір шекісіп алады. Қ.М.Әли * Әкенің ашуы кезінде көзіне түсуден қашатын әдеттері… Жылқайдардың талағы тарс айырылды. З.Шүкір. * Бағанағы ашумен айтылған айғайымды көңіліңе ауыр алған жоқсың ба? Шынымды айтсам, талағым тәре айрылып шаршап отыр едім. О.Бөк. * Сол күлкі қамшы болды ма, танауы қусырылып, талағы жарылуға шақ қалған келіншек білем қазыны орай салған қара самарды ортаға тарс еткізіп қоя беріп Бескемпірге шұқпады. Қ.Ысқ. * Туған қызының бақытын күндейтін ана болады екен, Құдай!– деп қойып қалды. Қарашаштың талағы тарс айрылар деген, олай болмады. Ж.Нәж. * — Оны сізден сұрамаймын, — деп манадан тығылып отырған Балтаның талағы тарс айрылды. — Тұрғаның да, Тұрғанның әйелі Нәзияң да бар болсын. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *