Posted in

ТАЛАҚТАЙ ҚАҒЫНДЫ (ТҮТІКТІ)

Жүзі қарайып, түтігіп кетті. ~ Ақмаңдайдың аты аталғанда күлің етіп қуанып кеткен батырдың дөңгелек жүзі гәпке қаныққасын қабынған талақтай қағынып шыға келді. Ә.Кек. ~ Қара моншақтай көздері ашу қысқанда шатынап ұясынан шығып кете жаздайды. Беті көгеріп талақтай қағынып кетеді. Тілі удай ащы. Сонысымен ауыл-үйге сыйымсыз. Ү.Жәл. ~ Толы халықтың ортасында бәрі у-шу болып, жылап-сықтап басылған. Әкесінің жүзі талақтай қағынып, қарайып кетіпті. Ү.Жәл. ~ Оған болмайтын болыс та көкжалдың өзі еді. Өмірі көрмеген мына қорлыққа талақтай түтігіп, қап-қара кек болды да: – Тарт! Мына бұзықты маған көрсетпе! -деп Марданды теуіп қалды. І.Жан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *