Көзін құртты; құтылды, бас тартты. * Анау боқ мұрын Шоқандардың астындағы ақ селеуді Күнікейдіңастына берер ме еді; Шекер кедейлікті, қорлықты, қойшыны бір күн, бір сағат ішінде талақ қылмас да еді!.. Ж.Айм. * Әуелде балсырадан басқаны талақ қылып еді, енді «эреванды» менсінбей «экстрамен» ғана сұхбаттасып отыр. Қ. Ысқ. Еркектің мұсылман заңымен әйелін тастауы, зайыбымен ажырасуы. ~ Бір сабақ жібің керек емес. Батырқараңды. Қайда барсаң ерік өзіңде. Төркініңе барамысың, әшнажайыңа барамысың, енді боссың, талақ! Талақ еттім, зән талақ! С.Жүн. * Ислам некелі ерлі-зайыптыларды бір шаңырақ астында тату өмір сүруге бұйырады. Дегенмен олардың отбасылық өмірі жараспай, ажырасуды қаласа, ері әйелін талақ етеді. Ә.Дерб. Тастап кетті; дүниеден, өмірден безді; баз кешті.~ Кейін Татьянаның сөзінде және де мұсылмандықұғымнан "талақ етіп бұл ғаламды" дейтін бір түсінікті келтіреді. Немесе бурынырақ кезде бір айтатынымыздай, орыстың дворян қызына қаспақ қырғызады. Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем, – дегізеді. М.Әу. * Ол түн жамылып жат елге бағыт алғандардың көшіне ілесу. Жаның қиналып, жүрегің жараланса да туған жеріңді талақ ету. О.Көш. * Теріс айналып, шөкті де қалды шал байғұс, Талақ етті де бүгіні менен өткенін… М.Мақ. * Қазірден бастап өзге тірлікті талақ етіп, бүтіндей басқа бағытта өмір сүретіндей сезіндім. Т.Әбд.
