Posted in

ТАЛ БОЙЫНДА

Бүкіл денесінде, бітім-болмысында. ~ Бабасына сыйынып, Жалбарына қалмады. Пірі үстіне қонбады, Баяғы қайрат болмады; Оймақ құрам сау жері, Тал бойында қалмады. А.Байт. ("Ер Сайын"). ~ Тал бойында «жастықтың оты жалындап, талаптың аты арындап» тұрған Мұхтар өз кезінің мұншалық мағыналы, мерейлі, мәрт тартыс– тағдырынан сырт қала алмады, басымен сүңгіп араласты да кетті. З.Қаб. ~ Әлдеқалай құрдас– құрбылары: «Ақжан саған несімен ұнады?» — деп сұраса, ол әрине тап басып айта алмағы кәміл; әйтеуір оның бір білері адам біткеннің тал бойында бөлекше көзге түсіп, көңіл қуантар қасиеттің болатыны; бірі езу тарта күлгенімен, енді бірі үнімен, не өзі ұнатар кісіні көргенде жарқ ете қалар жанарымен, жүріс– тұрысымен әдемі. М.Сүн. ~ Ойпаңдау жерде іркіліп, Сүлкей мықынынан төмен байқастап көп қарады. Бөксе құрылысын сипады. Тоқтағаны несі? Қарағаны несі? Әлде тал бойында шынымен жат тамшы тірілді – ау деген күдігі ме екен? С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *