Шығу тегін жойды. * Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған, кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп, көзін жойды. Р.Нұрғ. ~ Ал мынау… Каталаун қырғыны екен. Кім жеңгені белгісіз. Ақыр түбі екі жақ та оңбаған. Қанға батқан. Түп тамырына балта шабылған. Арада бес жыл өтпей Рим құлады. М.Мағ. ~ Баяғыда аталарымыз «Жерді көк өгіз екі мүйізімен көтеріп тұрады екен. Мүйізін шайқағанда зілзала болады екен» деуші еді ғой. Сол айтқандай, қазақты о бастан төбесіне көтеріп сақтап тұрған төрт қастерлі ұғым бар. Ол – ар- ұят, иман, обал, сауап. Біз соның тамырына балта шауып жатырмыз… Е.Рау.
