Көңіл-күйін, пиғыл-ниетін байқап көрді; сынады. ~ Осындай реті келіп тұрғанда, керекті қонақтың тамырын басып қойғанды дұрыс көрді. О.Сәрс ~ Келгендердің тамырын басып көріп ек, өзіңді болашағы бар бала деп жатып кеп мақтады М.Қаб. ~ Ел сорлы бақтың құсы емес пе, біреудің басына байыздап отыра ма? Болымсыз жем шашсаң талайы-ақ теріп кетейін деп отыр. Әр жерден тамырын ұстап байқап жүрміз. М.Әу. ~ Ойымда да, көзімнің алдында да Нағима. Әлгінде шай үстінде ептеп қалжың – қақпай айтып, тамырын басып көргендей болғанмын. Б.Соқп.
