Posted in

ТАНДЫРЫ КЕПТІ

Суы тартылып, қаңсып қалды; шөл қысты. * Киіздей тұтқан шаң-тозаңнан көздері әрең жылтырайды. Аттаған сайын күлі бұрқыраған борбас пен тандыры кепкен татырдың шаңын желектендіріп, титықты құртқан ұзақ сарпалдаңда аттылы- жаяудың талайы табанынан тесілген, тай-құлын қолы түсіп солтақ- шойнаққа айналған. Ғ.Біләл. * Тандыры кепкен өзектер мен тақыр жыралардан қу құлқынға талғау табу үшін зор шыдам керек. Ш.Айт. * Елу екінші жылдың жазы ерекше ыстық болды. Жердің тандыры кеуіп, ысып кеткені сонша, Сарыөзектің кесірткелері қайда тығыларын білмей, адамдардан да қорыққанды қойып, алқымдары атқақтай бүлкілдеп, ауыздарын арандай ашып, үйдің табалдырығына дейін жүгіріп келетінді шығарды; әйтеуір, шыжғырған күннің қызуынан құтылса болғаны. Ш.Айт. ~ Ел де, тандыры кепкен дала да сілтідей тынып, бәріне көніп береді. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *