Бытырап кетті. ~ Әйтпесе, бабасы Бердіқожа әулетін Құнанбай- қажы осыдан елу жеті жыл бұрын сонау алыс оңтүстіктегі Қаратаудан шығыстағы Шыңғыстауға арнайы көшіріп әкеліп, Арқат алқабына қоныстандырғалы қалың Тобықты арасына тарыдай шашылып сіңіп кеткен Әуезхан мен Самархан ұрпақтарының қайсысы қай жерде ғұмыр кешіп, тіршілік етіп жүргенін де анық білмейтін. З.Қаб. * Не істерміз? Анау Болат хан атына сай емес. Ол шамырқанып тұрғанша түгел елің тарыдай шашылып, ыдырап бітер ме, өксігім алқымыма кептеліп отыр. С.Смат. * Талай қанмен араласып, тарыдай шашылған сол әулеттің сарқыты міне, ғасырдан ғасыр озғанда ата-бабасының тозған топырағын басып тұр. Т.Сәук. ~ Өзіңнің жарық дүниеден үмітің үзіліп, алыстан, жақыннан күдер үзіп, жер сипалап қалсаң ғой!.. артыңнан ерген ұрпағың жерге қарап, ұлың – қыр аспай жасып мәңгіріп, миы ашып, қызың – етегіне ие бола алмай көше кезіп кетсін-ай! Абыройың айрандай төгіліп, тарыдай шашылсын-ай! Д.Дос. ~ Тоз-тозы шығып, сай-сайда тарыдай шашылған елді азаматтар айғайшы бола жүріп қайта жиыстырды. Б.Жұм.
