Posted in

ТАР ҚҰРСАҒЫН КЕҢІТТІ (КЕҢЕЙТТІ), ТАС ЕМШЕГІН ЖІБІТТІ (ИІТТІ)

Перзент көтерді; сәбиін бағып-қақты, әлпештеп өсірді. * Ақбілек жылай берді, жылай берді… Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың! Ж.Айм. ~ Алпыс басты ақ орда жатқа жем бола ма? Жер қайысқан қол келіп, ел саса ма? Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен аналар аңырап қала ма? Барлығы да келе жатқан кер заманда болуға мүмкін. М.Әу. * – Жалбыр балақ, саба құрсақ жаман қатыннан туғаннан құдай сақтасын. Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп, қыздан тусақ, несі айып? Ә.Кек. ~ Алланың қылған ісіне, Пенденің бар ма шарасы?! Тар құрсағын кеңейткен, Тас емшегін жібіткен, Ғұмырында көрген сәулесі – Кеткен соң жалғыз баласы! М.Ж.Көп. * Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен тұңғышы Зейнепті емес, ұл баласын он бір жастан-ақ діңгек көріп, пана тұтқан ана сөзінің астарына үңілсек, қазақтық уыз қасиетті танимыз. Ж.Аяз. ~ Оның тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін иіткен Әкім ғой. Ж. Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *