Қашықтық өлшемі, лақтырған тас жететіндей жер. ~ Осы сәт қос құлағын жымитып артын бағып келе жатқан Байшұбар демде адымын қысқартып, қара тұлпарды өзіне тас лақтырымдай жуықтатып еді. А. Сей. ~ Қанаты қара, бауыры ақ бір құс сол бұталардың арасынан далпылдап ұшып шығып, тас лақтырым жерге барып қонды. Н.Ор. ~ Жайпақ төбесіне алабота қаулап өскен тоқал там іргесінен бір топ торғай дүр көтерілді де, тас лақтырым жердей шеңгел-ши түбін лықа толтырды; сосын құрт-құмырсқаны қуалай қаққыштап кетті. М.Қаб.
