Posted in

ТАС ТҮССЕ ТАЛАЙЫНАН (ТАҢДАЙЫНАН)

Не болса да, Құдайдың маңдайға жазғаны д.м. ~ Айналадағы бар тірлік өліп-өшкен тәрізді. Аралда иттер бар-ды, иелері: тас түссе талайыңнан — деп тастап кеткен. В.Расп. ~ Таңырқасты сескеніп, Жерошақта жатыр жан. өнебойы қарала, Көміліп күлге батыпты. Қылтиып басы қарайған, Көз қарасы алайған. Түлен, Құлан ымдасып, «Тас түссе,—деп,—талайдан». БС "Алдар Көсе". * Ақыры уақыт өте келе болған іске амалсыз көнейін дедім. Тас түссе талайынан, жағдайдың бұлай болғанына, тағдырдың теріс айналғанына мен өзімді кінәладым. Ә.Асқ. ~ Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, – Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. Көмекшісін берсе әне, бермесе тағы әне… Тас түссе талайымнан, тіптен бермесе екен, "еһк" дер ме екем… А.Сей. * … осы алдарынан өткеніміз болсын, одан арғы жағын, тас түссе таңдайымыздан, өз бетімізбен көре береміз дейді. Ғ.Мүс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *