Posted in

ТАС ШЕМЕН

Іште тастай боп қатқан шер, қасырет, ~ Өзге жұмбағы жоқ еді. Аспанға қарап айдалада жатқан осы бір шай қайнатым мезгіл ішінде Ждақайдың тас шемен түсінігіне кәдімгідей жарықшақ түсті. Сол саңылаудан көкірек қуысына күдік сәулесі сығалады… С.Ел. ~ Отыр ол – тас түрмеде‚ енді біліп‚ Сондағы санасының бұлыңғырын. Отыр ол тас түрмеде‚ тас шеменде‚ Басқа ойда‚ басқа дүние‚ басқа әлемде. К.Мырз.~ Шырт ұйқыдан оянғандай сергіп сала берген Нәргүл, өлі аруақтай семе калған бойын тез-ақ билеп алды да, шегініп барып Есет пен Анарға қарай жүрді. Тас шемендей түйілген жас сұлудың сырты жалын, іші өрт боп жанды Р.Рай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *