Posted in

ТАУДАН ТАС ДОМАЛАТҚАНДАЙ (ДОМАЛАҒАНДАЙ)

Төгіп берді; бірінен-соң бірін лекітті; бастырмалатты. * Қала әкімі Киікбай Биікбайұлының атынан сөйледі, ол кісі айтпаған түйеден түскендей ірі, суық сөздерді таудан тас домалатқандай үйіп-төкті. Қалыңдатып нар көтере алмастай зілдендіріп жеткізді, жер түбіндегі іскер жігіттің үрейін алып үрпите сөйледі. Д.Досж. * Байқа, қонақ боламын, бас жеймін деп жүріп, үй арасында қиыңмен қатып қалып жүрме. «Қарасуда» ондай да болған. Арқаның қысы келген қонақты сөйтіп қытықтап ойнайтыны бар.— Үй арасында қиымен қатып жатқан Елтайды елестетті ме, таудан тас домалағандай тағы кеңкілдеп күлді. М.Қаб. * Сирек те болса, бейне, таудан тас домалатқандай биіктен етекке ұшқан жай ғана тас – жолындағы үлкендеу қойтасқа соғылып, қойтас ботатасты, ботатас пілтасты ысырып ылдитөмен құлаған кезде – екпіні күшейіп, жойқын пәрмені үдеп, көз ұшындағы етекке жеткенше сел құлағандай жолындағыны түгел жайпап, жер дүниені қарап қып кетер. Ел-сел етер. Д.Досж. * Саптама етігін босаға жаққа таудан тас домалағандай дүрс-дүрс тастаған шаруа шал төрге байпақшаң озды. Портфель сүйреткен Елтай есік көзінде дағдарып тұр. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *