Posted in

ТАУСЫЛА СӨЙЛЕДІ

Қатты қапа болып, өлердегі сөзін айтты. * – Әкетай, өзіңнің жалғыз ұлыңды қойып, өзгеге де жүрегің кең еді ғой! Мені тым болмаса сенкешіріп кетші! – Таусыла сөйлегеніңе қарағанда, тынысың тарылған-ау, балам! К.Сег. ~ "Жерге қарап топырлап жүрген топырақ пенделерге сұлулықгы сездіре жүру – осы қыздың құзырында", – деп таусыла сөйлеп тәубалады-ай, тізерлей жүгініп қасиетті сөздерді ерін ұшымен сыбырлап сан қайталады. Жанарының шарасы жасқа толды. Д.Дос. ~ Сонда бір кісі тұрып: "Біздің елде сөз емес, сөзді сөз қылғаннан өзге пәтуәлі іс қалған жоқ", – деп таусыла сөйледі. Бәлкім, күйінгеннен шығар?.. Десек те, бір сұп-суық селқостық ауылдас тұрмақ, ағайын, туғантуысқандар арасын дендегені анық.Ж.Аяз. ~ Жұрт орнынан тұрып «өлім- өлім» деп әділ заңнан үкім сұрап тұрып алғанда аппақ шүберектей өңі қуарған күйі: «Әй, надандар- ай, ғұмырларыңда сары алтынды салмақтап бір ұстап көрсеңдер, бұлай өңеш жыртпаған болар едіңдер! » деп таусыла сөйлеген қалпы да көз алдымда. К.Сег. ~ Бірақ екі аяқты пенде болғасын олардың амандығын тілейтіні анық. Таусыла сөйлейтіндей мұнысы несі демең. Алды беймәлім сапарда көздеген жеріңе жете аласың ба, жоқ па, ол кім- кімге де белгісіз. О.Көш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *