Posted in

ТАУЫ ШАҒЫЛДЫ

Беті қайтып қалды, сағы сынды; үміті үзілді, тілегі орындалмады. * Көңілдегі жерге тез барып қалатындай, арбаға таласа- тармаса отырсақ та, өгіздердің қыбырын көрген соң, тауымыз шағылайын деді. Ж.Айм. ~ Ідіріс қажының ауылы жолда. Бай ауыл. Көп ауыл. Байдың үйінен тауы шағылған Қартқожа шеткі бір қараша үйден айран іше кетейін деп ойлады. Ж.Айм. * Ғаббас та тұрақтамай, ескі дағдыша жылжып кетсе, Ғайшаның тағы да тауы шағылғаны… Ақырғы жігер, ақырғы жанды үміттің үзіліп, өшіп, сөнгені. М.Әуез. * Інісін көріп, іші өртенді. Тауы шағылып, тағаты таусылды. Ж.Шәк. * Таңқыбайдың тауы шағылғанмен, қол қусырып қарап отыру ниеті жоқ. О.Сәрс. * Жеме-жем ырғасуға келгенде: «Біз десең осы баланың тауын шақпа, астыртын сұрастырып білдік, ата-анасы да жақсы кісілер екен, ұсынған қолын қақпа деген соң қақпа»,— дегенді кесіп айтты. М.Қаб. * Құдай сақтасын, оқуға түсе алмады деп тауы шағылып не көрініпті. Қой, етек-жеңін жиыстырып, ширау керек шығар… Ш.Құм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *