Зәбір көрсетті, ұрып-соқты. * Балашов қит етсе Тимофейді жәбірлеп, таяқтың астына ала бастайды. С.Ом. ~ Феодор қарсы сөзге келместен баяғы орнына қонжиып торышаны төмпілдетіп таяқтың астына алды- ай кеп. Сойыл батқан жануар солтың- солтың желген болды да, тағы да аяңға басты.. Қ.Ысқ. ~ − Қулар,- деді тағы да ұрса сөйлеп.- Оқымаған әжені алдап, сабақтан қашқандарыңа мәзсіңдер. Үшеуіңді де осы көшенің ортасында көк таяқтың астына алып, масқаралайын ба?! С.Мұр.
