Ебедейсіз қозғалған немесе сіресіп тұрып қалған адам туралы. ~ Жартылай ашылған халатының өңірін жылдам жауып үлгерді. Соңын ала қара көзілдірік киген таяқ жұтқандай сірескен Әмірші Досайұлы келіп кірді Д.Дос. * Бұл жолы Гүлзина ортаға мені шақырып, шыр айналып өзімен бірге үйіре жөнелді. Мен таяқ жұтқандай икемсіздеу қозғалсам да, бәрібір ең тәуір билеген біз болып шықтық. Ә.Асқ. ~ Өзге қатарларына ұқсап – мәртебелі лауазым биігінде отырған жерлестері мен елдестерін паналап, солардың ығына есіп, біреуінің өзін, келесінің сөзін өтірік мақтап жүріп, баспалдақ етіп, биіктеп кетуді білмеді; таяқ жұтқан кісі секілденіп тікшиген қалпы жүремін деп «бірмойын, өзімшіл» деген жаман ат жамады. Д.Дос.
