Атпен шауып, желігін басты. ~ Оның тапсырмасын екі етпей Соппек жиырма шақырым шамасында шауып тақымының құрысын бір жазып еді. Тойханаға жақындағанда Ноғайқұл алдынан шығып, терең сайға құлатып, жартастың қуысына тықты. Т.Әл. ~ Зейнел- Нәбидің сөзі тұпа- тура шын боп шықты. Жанжақтан келген ауыл ағалары: – Өлең қашпас. Астымызда атымыз барда тақымымыздың құрысын жазайық. Тезірек көкпарыңды шығар! – десті. Т.Әл.
