Ынжық, әлсіз; атта отыра алмайды. ~ Садықбек тіксініп қарағанша болмай мылтық даусы гүр-рс… етті. Оқ зулап төбеден асты. Қызу аттар ыршып түсіп, ала-ақ жөнелді. Тақымы бос балалар ауып түсіп қала жаздап, ат жалын құшты. Б.Майл. ~ Алып қашқан асау аттай жаңа жұмыс екен. Абыралыны әлсін-әлі тастап кетіп жүрген. Атқа тақымы бос бала онсыз да құлауға әзір бола ма, Әбекең газетке қол қояр сәт жақындай бергенде, абжыланға арбалған су жүрек қояндай тыпыршып тоқтай алмады. М.Қаб. ~ Жирен ат үстіндегі адамның тізгіні бостығын сезді ме, «әп» – дегеннен едіреңдеп, қиыс тартып екі айналғанша ырыққа көнбей баңты. Жұла жөнеліп, енді бірде теке- текірекке түсіп, секектетіп, тақымы бос қыздың әбден сілесін қатырды. Әйтсе де, Айнаш шыдап, тістеніп алды, сыр бермеді. М.Сүн. ~ Құдай бір сақтады, шабдардың үріккені құтқарды білем. Тақымы бос адам болғанда, топ ете түсетін еді, жастайынан атқа шапқанының пайдасы.Қ. Қаз.
