Атқа отырып рахат алды, көңілі көншіді. ~ Осы тұста баланың да көңілі көтеріліп, тақымы қыза түсті. Тершіген арқа жазылып, көңілін Ақан ағасының шалқыма әні тербегендей боп кетті. С.Жүн. ~ Мөңке де Құлагердің мойнына қолын салып еді, тер аққан екен. Терліктің астынан шаланың табы өткендей, тақымы да қызып жіпси бастаған. Аналардың атынан енді ақ көбік шашырап, екпіндеген аттың желімен ұшып келеді. С.Жүн. ~ Ит тартқан терідей жұлмаланып жұтылып жатқан уақыты зая. Таң атса – күн батады. Я есек көкпар шауып тақымы қызбайды, я қызық кітапты сарқа оқып мейірі қанбайды. Д.Дос.
