1.Атқа отырды. ~ Тәтті ұйқыда жатып, түс көрді ол. Баяғы жас кезі екен дейді. Осы Айнабұлақтағы ауылдан шығып, бұл бір жаққа кетіп бара жатқандай. Астында ақжал жирен аты бар. Тай күнінен тақымына басқан өзінің Ақжалы… Қ.Жұм. * Шақыртып алып, зоотехниктің маңдайына біткен жалғыз жорғасын бұның тақымына басқаны. Д.Әш. ~ Көкпаршылардың кебежедей біреуі серкені тақымға басып алып, додадан сытылып шығып оқшаулана бергенде, арындап тұрған Бәйгеторы ала кеп жөнелген. Қ.Найм. 2. Иемденіп кетті. * – Биыл жазда Әзімбайдың бәйгекер ат дейтін, тақымына басқан дей ме, бір аты жоғалыпты. Сұрау салып, айналаны шалып, бірде-бір дерек таппай қояды. М.Әу. * Бір күні қалаға мал айдамақшы болып, ылғи Телеш пен Кенженің тақымына басқан аттарын сатпақшы болды ғой. М.Әу. ~ Қырдың басында жайылып жүрген Бәйгеторыдан көз алмай тұрған шал: – Не сөз бар, қалағандарың болсын, – деген. Сайланып келген жігіттер қоя ма, әп- сәтте серкені тақымға басып кете барған. Қ.Найм. ~ Сан бәйгеден, Сан жорықтан сыналған, Суын тектес тұлпарды тақымға басып құмардан Шығу дегенің, Шығу дегенің, шіркін-ай, Исі түркменге, исі қазаққа бір арман. А.Өт.
