Posted in

ТАҢДАЙЫ ТАҚЫЛДАДЫ

Таң болды. ~ Асқынып кеткен аран сөзге тосқауыл табылмай қалғаны рас, ондай еркіндікті, қала өмірінде кездесе беретін еркіндікті бейбастық деп санаған жұрт таңдайын тақылдатып, бетін шымшып, сан-саққа жүгіртті ғой. Ә.Тар. ~ Осы жастарына дейін тірі немісті көрмеген тау арасындағы аңқау жұрттың аузын аштырып, таңдайын тақылдатқан оқиға осылай оқыстан басталды да, өрттей қаулап, гуілдеп етек алды. О.Бөк. Дамылсыз тақылдап, ұзақ сөйлеп мезі қылды. ~ Мына жақтағы таулар да, өзен- тоғайлар да таңдайы тақылдаған көкек саңқылдаған сарала қаз, тас пен тоғайдағы тамылжытып сайраған неше түрлі торғайлар, су жағасындағы көгалдан шыққан жіңішке дауыспен қақылдаған бақалар! Шәк.~ Емтиханда мақал деген халық жүрегінің шындығы, мақал – шындық сәулесі деп таңдайың тақылдағанда алдыңа жан салмайсың. Ә.Нұрш. ~ Сүкең үйді маңдайға алды. Кеше әр сөзін шегелеп, таңдайы тақылдаған шал бүгін жабырқау. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *