Аздап шөлін басты. * Бізді бір беті ашық қораға қамап қойып, солдаттар шай қайнаттырды. Шайдан бір-бір ожау шай ішіп, таңдай жібіттік. І.Жанс. * Одан бері біраз уақыт өтті ғой. Қысылмаңыз. Күн ыстық, таңдай жібітіп отырыңыз. С.Дос. * … ей, дала, сен абзал ару болсаң, мен қолаң шашыңа таққан алтын шашбау едім; ей, дала, сен еңіреген ел болсаң, мен көз жасың едім; сен ақтаңдақ шөл болсаң, мен таңдай жібітер сусын едім. О.Бөк. ~ Содан, өзге мұқтаждық-тарын былай қойғанда, таңдай жібітер ауыз судың өзіне зар бұл жұрт, шелектерін салдыратып әр жаққа босып жүргендері. М.Қан. ~ – Қап, қап! Рәсуа, рәсуа! Обал. Қасқа құлынның аузынан жырып, таңдай жібіткен қымыз еді. Жә, Ғайшаны жібере қояйын. Жуып, сүртіп алсын. Досантай, сен сыртқа шығып, бой жазып қайт. Көп ұзамай қуырдақ, шай да келіп қалар. М.Қаб.
