Posted in

ТАҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Таң алдында туатын, үлкен жарық жұлдыз — Шолпан жұлдызы. * – Абылай уақыт мөлшерін білу үшін аспанға қарады. Таң жұлдызы туып қалған екен. Аспандағы таң жұлдызы, жаңа өзі шығып кеткенде есік алдында қалған екінші таң жұлдызын есіне түсірді. Ол бұйыра сөйледі. І.Ес. ~ Осы кезде: ай алатайдың ар жағында бір жамбастап жүзген шақта, бергі беті ұйқтаған қара мысықтай қорқынышпен қарауытқан делсал суық мезетте, үркер төбеден әлдеқашан ауып, енді көп ұзамай таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте, ұйқы мен ояудың, өлі мен тірінің екі ортасында шөкелеп отырған аманның қасына он жасар Бала келді. – Неғып отырсыз. О.Бөк. ~ Біздің қолымыздағы кітап бұған дейінгі қос жинағымен-ақ өлең әлемінде таң жұлдызындай жарқ ете қалған жас ақынның өзіндік үні, өзіндік қолтаңбасын, ешкімге ұқсамайтын дара біткен сом тұлғасын одан сайын ірілей түссе, бір жағы оның азаматтық ақын ретіндегі кредолық тұғырын да асқақтатқандай. Ғ.Әр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *