Таң бцліне бастады, таң қылаң берді. * Дәл қазір бір жағымыз су – асты бұлт, бірақ бұлт астынан ел-ел көрінеді. Таң сызат атып келіп, қазір көк сәуле молайды. М.Әу. ~ Сөйтіп, таң атқанша берік қораның ішінде дүрілдесті. Таң сызат бергенде, киім – кешектерін арқаласып, қақпадан шұбап жігіттер шығып кетті. І.Жанс. ~ Таң сызат бере дәрет сындырмақ болып, түзге шықса, таң асырып қойған қорадағы биенің жоқ екенін көреді. С.Жүс. ~ Сатандар шилі апаннан аттанып, Мардандардан айырылған соң екі күн бір түн жолда жүрді. Соңғы түні, түні бойы тынбай жүріп келіп, таң сызат алғанда Қоянды жәрмеңкесінен асып, Жартастың бастауы деген жерге келіп, көліктің белін босатысты. І.Жанс. .
