Қарқыны, пәрмені күшті, қуаты зор. ~ Үстіме аюша ақырып келіп қона түскенде, сол шеңгелімен сүйектерімді ұсатады ғой деп отыр едім, жоқ – олай тимеді, тегеуріні қатты болса да, қолы адамның қолы сияқты. М.Әу. * Шынымен мына капитан да сөйтіп кетпек пе? Өзінің тегеуріні қатты. Жоқ, жоқ, бұл жолы мұны ілгері өткізіп жібере алмас. Т.Ахт. * ─ Әй, балақай, мына атты жеке апарып байла, басқа аттармен тебісіп қалмасын, аттарыңды мертіктіріп тастар, мұның тегеуріні тым қатты. С.Жүн. ~ Серпері серпінді, тегеуріні қатты болса кесек жыртқышты дәл жүрек тұсынан түйіп талдырып, өткір шеңгелімен көзін шұқып ойып алады. Ш.Рах.
