Сынады, тәубеге келтірді, тәртіпке шақырды. ~ Тірліктің тініне назар салсаңыз, болымыңызды, бәсекеге қабілеттігіңізді құдайдың құтты күні тезге салуда. Нәсіліңізге, ұлтыңызға, жынысыңызға, тіпті жыныңызға да шаруасы жоқ, айнала-төңірек құмырсқаның илеуіндей. Ж.Аяз. ~ Орыс шекарасына тыным бермей тұрған тентек-телілерді тезге салып қайтуға кеткен болған-сыды. Ә.Кек. ~ Жөнсізді тезге салуды өтініп, ашулы хан Сюань Еге дереу хат жолдасын. С.См. ~ Жөнімді менің сұрасаң Он екі керей арыспын, Аузым кере қарыспын. Тезге салсаң түзелмес, Ағаштан шыққан шалыспын. Жылқыдан туған мүкіспін, Неге көп маған бітістің? "Жәнібек батыр"
