Posted in

ТЕЛ ЕМГЕН ТАЙДАЙ (МАРҚАДАЙ, ҚҰЛЫНДАЙ, ТЕНТЕКТЕЙ)

Ерке өскен д.м. ~ Сонда Жантөлінің таз күйеуі: – Тел емген тайдай сұлуға таласқан екен талайлар. Түлкідей айламен алам деп келген жіңішке ұзын жігіт суырдай сумаң қағып қалған екен. БС. "Жантөлі". ~ Қазбек Құнанбайды найзалаған, Төрем түгіл төлеңгіт жорығына Садырбай, Жаманбала, Арқабайым, Тел емген екі енені марқадайын, Есілге, Едіреймен қамалған қу, Көкмайса жерің бар ма Арқадайын. "Біржан – Сара". ~ Бархан қайтып кетті. Мен Москвада тағы үш күн болып, оның да сәулет, салтанатына сусындап, қос ананы тел емген тентектей едіреңдеп, Алматыға бет түзедім. Ә.Нұрш. ~ Бойына жаңа қан құйылып, Шығыс пен Батыстың мәдениетін қомағайлана сімірген Русь екі енені тел емген арда құлындай тез жетілді. Күн санап қуаттана берді. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *