Бір-бірінен ажыраспай қатар өсу туралы. ~ Ол менен бір жыл, бір күн бұрын пәтер алған. Адресі: Тимирязева 55. Екі үйдің қабырғасы қасынып тұр екен. Тел қозыдай өмірі бірбірімізден адаспаған жандар едік. «Япырай, құдай береді екен-ау!» деді. Қ.Ысқ. ~ Сені көргенде Қайыңбайым еске түсіп, кәрі жүректің тағы бір тулап қалғаны ғой. Қайыңбай екеулерін қандай едіңдер кеше?! Тел қозыдай жарасып қатар жүруші едіндер- ау. Тайқия біткен тар маңдайға сыймады ғой менің қайран құлыным! Қ.Жұм.
