Posted in

ТЕМІР (ТЕМІРДЕЙ) ТЕПКІ

Естен айырардай ауыр соққы. * – Кешіріңіз… Мамам, папам үшін кешірім сұраймын. – Оқасы жоқ,— деді жігіт селқос қана. Әзима апайдың темірдей тепкісінен кейін кім не десе де еш таңданбас еді. М.Қаб. * Ауыр соққы мен темір тепкінің астынан әрең құтылып шыққан олар айлар бойы күн көзін көрмей, қойманың жертөлесін паналап келген. БАҚ. * Ол да қарап қалған жоқ, Елтайдың қолындағы мылтықты жұлып алды. Қали арашаға ұмтылып еді, іштен тиген темірдей тепкіден екі бүктеліп, еңкейді де қалды. М.Қаб. * Жердің ыза-ызғары кетпегенде ашық-тесік келе жатқан бір бала қыңқ етіп жөтелмеп еді, ауырмай-ақ Ақсеңгірге жетіп еді. Өгіздей саулығы, темірдей тепкіні, үй жыққандай екпіні бар іребдел, сайдауыл жігіттер бір тілім нанға зар болып о дүниеге аттанды-ау. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *