Күні қорлықта өтті, зорлық көрді. * Өзге мезгілде айтса, ақсақалды бұлай түйрегеніне теперіш көрер еді, жұрттың көзінше берген жиырма алтын Мұрданың ауызына құм құйды және маздемдерге ақша қат боп тұрған шағы. Ж.Айм. * Қиын–ақ таудағы бір қыстақ үшін, Қойшымыз теперішті көп көрген-ау, Қасқырлар жазда – қысым, қыста – қысым. .Әбдікәкім. * Жүдеп-жадаған, өзгеден теперіш көріп, басына тағдырдың құрығы тиген өзекті жанның сауға тілеп, пана тұтып елге қашары, басқа-басқа қазақтың ұлттық ерекшелігі сықылданатын. О.Бөк. * Оралдыратын күш ақы иесінің оған қаратқан ниет- ықыласы. Ал, заман қатыгездігінен теперіш көріп, бетін теріске салған ауғын халықтың қайта айналуынан, байырғы тұғырына қайта оралуынан үміт жоқ еді. Ғ.Біл. * … шонжарлардың бәріне келіп жатқан зауал Омардың қылшығын да қисайтқан жоқ. Кеше қандай еді, бүгін де сондай, тіпті осы Кеңес өкіметі келгелі бұдан басқа байлар теперіш көріп, тепкіге ұшырап жатса, Омекең бұрынғысынан да өркештеніп, нығыздана түскендей еді, қаз-қалпында, итіне дейін дөңге шығып үреді… О.Бөк.
