Құпиясы ашылмаған сыр туралы. * Кейінгі ақындардың тағы бір міні – сыршыл еместігі, Һәркімнің жүрегінде бір жасырын сыр бар, жасырын тіл бар, жасырын күй бар. Ж.Айм. * Шой стол үстінде саудырап, шашылып жатқан үш жарым саусағын дереу жинап алып, қалтасына салды. – Бұл масқара нәрсе! Мұнда сұмдық сыр бар! З.Қаб. * О, сорлы әкем!.. Кейде ұлым жоқ, ұлым дей отырып, маған сен осы ұл боп неге туа қоймадың екен құлыным деуші еді-ау ақырын жымиып. Бәсе, онда терең сыр бар екен ғой. Мен маубас сондай ұлы сөздің мәнісін енді ғана түсіндім емес пе? Р.Райым. * Өтеді күндер, өтеді сырғып, Қалады жарқ етіп жылдар; Берерлік саған мәңгілік жыр ғып, Жүрегім толған ғажайып сыр бар. Т.Әлімқ. * Беу, сұлулық атаулыда құпия түнек, басқаға жұмбақ сыр бар, әсілі! Ж.Шағ.
