Posted in

ТЕРЕҢ КҮРСІНДІ

Қинала, ауыр күрсінді. * Өмірбек терең бір күрсініп дем алды. С. Шайм. * Әубәкір тағы кемсеңдей берді де, өзін–өзі тоқтатып, бірақ онысы оңайға түспегендей, уһілеп терең күрсінді. Т.Әбд. * … соның ішінде Досовтың есінен кетпестей болған бір ой бар-ды. Ол ауылдың ала ауыздығы жайлы еді. Бұл ойын айтардан бұрын Нұрмолда терең күрсініп, қобалжып кетті. С.Бақб.* Ол Кеңгір батырдың, моласына соншалық бір өкінішті мол уайыммен қарады да терең күрсінді. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *