Posted in

ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ

Тағылған айыптың не әлдебір пікірдің шындыққа жанаспайтынын айтты, дәлелдеді. * Мұныңызды, әрине, ешкім теріске шығара алмайды. О.Сәрс. ~ – Құдайдың құлы Әбілқайыр Абдолла оғлы сөзінде тұрды. Жаратқан ие, тірі әулие, өлі аруақ оның айтқанын теріске шығарған бір де бір нышан байқатқан жоқ. Құдайдың құлы, Мұхамбеттің үмбеті, Шәдиярдың досы Әбілқайыр-Мұхамбет Ғазы баһадүр ханға тағылған айып нақақ деп табылады. Ә.Кек. ~ Сондай-ақ, дон Фернандо де Гевара шытырман оқиға іздеу үшін Германияға барған жоқ, онда герцог Австрийскийдің рыцары, мессер Георгпен айқасқа түсіп есе қайтарған жоқ деп тәуекелі барып теріске шығарып көрсін. М.Серв.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *