Әбден арыған, қу сүйегі қалған. ~ Базардан оны-мұнымды сатып алып, шығар есікке таяй бергенімде терісі сүйегіне ілінген, ұрты суалған, қақырық толы кеудесі кіркіреп тұрған, түрі жапалаққа айналып кеткендей бір қайыршы мені көптен көрмеген танысындай құшақтай алды. Д.Мам. ~ Кіші әке?.. – деп құшақтай алады бассалып. Терісі сүйегіне жабысқан, әл жоқ, кірпігі ғана қыбырлайды. Кеудесін кек кернеген Есбосын жолбарыстай атылып, шабармандарға тап береді. Қ.Тол. ~ Бар болғаны қан түкіруден қажыған, терісі сүйегіне жабысқан өлімтік денемнен құтылуға тәуекел етуім керек — соған тәуекел етсем-ақ бұл жалғандағы жалғыз тілегім орындалмақ. А.Рюн. ~ Алапат үлкен де емес, тым кіші деуге де келмес. Тыриған арық, терісі сүйегіне қынаша жабысқан. Түн түнегінен де өткен қап-қара еді. Қып-қызыл көзін Тәңірім жаратарда тозақтың бір түйір шоғымен қарып жіберген тәрізді. С.Сағ.
