1.Ашушаң, тыз етпе. ~ Мырзалин көп артық сөйлемейтін жігіт еді, жол бойы көргендері жанын күйдіріп жіберді білем.— Сенің күлкің түзу екен, біз күле алмаймыз! — Сендердің күлкілеріңді мен алған жоқпын ғой,— деп шеке тамыры білініп, терісі тар Саттаров қызараңдап к,алды. Б.Қыд. 2. Пейілі тар. ~ Әшейін бір қызғаншақ, қатын жанды, картаң тартқан, көрінгенге «шүбәланатын», терісі тар, ақылы тапшы, көз алдынан әрі тұрғанды көрмейтін еркектің де ішіндегі бір сүлдесізі дер еді. Ал анадай әділ қазы болу, кең пейілді билік айту данышпан адамдардың ғана басына лайық нәрсе. Әйел сөзі дөп тиді. Х.Ес.
