Наразылық танытты. * – Кішкентай күшік кезінде ветврачқа апарып емдеткеніңізде, күшті ит болатын еді бұл, – деп ұлым теріс айналды менен. Ж.Қорғ. * Бұл соққыдан айығу маған оңайға соққан жоқ. Содан кейінгі ұйқысыз түндерімді, торыққан күндерімді, тіпті өмірден түңілген сәттерімді бұл Сәлима білді ме екен… Қайдан білсін! Теріс айналып сол кеткеннен бір-бірімізді көргеніміз жоқ, телефон шалып, хат жазып дегендей хабарласқан да емеспіз. Ә.Асқар.
